«Үздік мейіргер – 2024» халықаралық байқау

Без рубрики
Бөлісу

12.04.2024 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл жоғары медициналық колледжі ШЖҚ КМК-ның ұйымдастыруымен Жамбыл облысының 85 жылдығына орай «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша медициналық колледж түлектерінің арасында «Үздік мейіргер – 2024» халықаралық байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаты:
Еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіби ұтқырлығын арттыру.
«Үздік мейіргер – 2024» халықаралық байқауға жалпы 30 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 2 өтінім таяу шет мемлекетінен:
1.Қырғыз Республикасы «Бишкек медициналық колледжі»
2.Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысының Абу Али ибн Сино атындағы Пахтачи қоғамдық денсаулық сақтау техникумы, қалған 28 қатысушы Қазақстан Республикасынының медициналық және жоғары медициналық колледждерінен қатысты.
Байқаудың нәтижесі:
Бас жүлде – Исакқызы Сабина ШЖҚ «Түркістан жоғары медицина колледжі». Жүлде қоры 150000 теңге.
І орын – Сабыржанқызы Жанель Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда медициналық жоғары колледжі» ШЖҚ КМК Қызылорда қаласы Жүлде қоры 100000 теңге.
І орын – Урсан Алина Анатольевна Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай жоғары медициналық колледжі» Қостанай қаласы. Жүлде қоры 100000 теңге.
II орын – Искаков Мадияр Жанабаевич «З.Г. Мурзагулов атындағы «Даналық» жоғары медициналық колледжі» Астана қаласы. Жүлде қоры 75000 теңге.
II орын – Борашева Аймира Маратовна ШЖҚ «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі». Жүлде қоры 75000 теңге.
III орын – Нұржарыққызы Ақжүніс Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау жоғары медициналық колледжі». Жүлде қоры 50000 теңге.
III орын – Серікжан Ерболат Серікжанұлы ШЖҚ КМК «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» Талдықорған қаласы. Жүлде қоры 50000 теңге.
III орын – Манарбекқызы Нұрай «Балқаш қаласының медициналық колледжі» КМҚК Балқаш қаласы. Жүлде қоры 50000 теңге.
7 колледж қатысушыларына номинация және естелік сыйлықтар берілді.