«Үздік оқу- әдістемелік кешен»

Без рубрики
Бөлісу

2023 жылдың желтоқсан айының 4-11 аралығында Жамбыл жоғары медициналық колледжінде №3 арнайы пәндер «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушыларының ұйымдастыруымен «Мейіргер ісі», біліктілігі: «Жалпы практикадағы мейіргер» және «Емдеу ісі», біліктілігі : «Фельдшер» мамандықтарына арналған «Үздік оқу- әдістемелік кешен» атты Республикалық онлайн байқауы жарияланған болатын.
Байқаудың негізгі мақсаттары.
1. Оқытушылардың «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің сапасын арттыру, нормативтік, әдістемелік, стандарттаушы құжаттарды жүйелеу;
• дайындықты оңтайландыру және студенттердің жеке қабілеттерін ескере отырып, тапсырмаларды саралау арқылы танымдық белсенділікті дамыту;
• педагогикалық тәжірибені бере отырып, оқытушылардың шеберлігін жетілдіру;
2. Медициналық кадрларды даярлау сапасын арттыру, кәсіби құзыреттердің тиісті деңгейін құру;
3. «Мейіргер ісі» , «Емдеу ісі», мамандықтары , «Мейіргер ісі негіздері» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыруда колледждердегі оқытушылардың тәжірибелерімен алмасу.
4. Білім берудің инновациялық әдістемелерін пайдалана отырып, оқыту сапасын арттыруға бағытталған оқу –әдістемелік кешенді даярлаудың педагогикалық тәжірибесін жинақтау және оқу-әдістемелік кешен рөлін күшейту.