«Үздік жас маман -2024»

Бөлісу

10.06.2024ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде оқу- әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Жарқыра, жаса, жас маман!» тақырыбында жас мамандар арасында «Үздік жас маман -2024» байқауы өтті.
Байқау кезеңдері:
I кезең –Тестілеу;
II кезең –Таныстыру;
III кезең – Мобильді қосымшаны немесе прототипін әзірлеу;
IV кезең –«Өз жұлдызыңды жақ» шығармашылық кезең.
Байқау нәтижесі:
I дәрежелі дипломмен Сыдыман Асель Оразбековна,
II дәрежелі дипломмен Шыныбеков Нұркелді Ерғалиұлы,
III дәрежелі дипломмен Юсупова Нұргүл Темірбековна,
«Шығармашыл маман» номинациясымен Тлеуова Мереке Қабылбекова,
«Ізденімпаз маман» номинациясымен Батанова Ақерке Ерлановна,
«Үздік портфолио» номинациясымен Тұрматов Ғазиз Нұрлыбекович марапатталды.