31.05.2023 жыл. Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру бағытының 31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Өзекті өртер шындық» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатын топ кураторы Байбосынова А.С. және «Емдеу ісі» бөлімінің 217 ЕФ-9/21, 218 ЕФ-9/21 топ студенттері ұйымдастырды.
Тәрбие сағатының мақсаты: Қасіретті кезеңде саясаттың құрбаны болған азаттық жолында адал қызмет еткен қазақ халқының зиялыларын ұмытпауға, кейінгі ұрпаққа ұлықтауға, ерліктерін құрметтеуге халық жадында мәңгі сақтауға, жастарды ұлтжандылыққа, өз ұлтының тарихын сүюге, қорғауға, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.