19.03.2026 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Жаңару» күніне орай тал егу іс-шарасы өткізілді. 19 наурыз – «Наурызнама» онкүндігінің аясында «Жаңару» күніне орай Жамбыл жоғары медициналық колледжі Рысбек батыр 15Б мекен-жайында орналасқан, «В» корпусында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Колледж ұжымы мен студенттері қоршаған ортаны абаттандыруға және табиғатты қорғауға бағытталған игі іске атсалысты. Мерекелік іс-шараны колледж директоры Сарыбекова Ж.Н. ашып, қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады. Іс-шара барысында оқу орнының ауласына жас көшеттер отырғызылды. Бұл шараның мақсаты — болашақ медицина мамандарының экологиялық мәдениетін қалыптастыру және туған жерді аялауға баулу. «Бір тал кессең, он тал ек» деген аталы сөзді ұстанған қатысушылар тал егу арқылы табиғаттың қайта түлеуіне өз үлестерін қосты. Жаңару мен жаңғырудың символына айналған бұл күн колледж өмірінде береке мен бірліктің нышаны ретінде аталып өтті.
Жауапты: «Фармация» бөлімі
