17.02.2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің № 2 жалпы кәсіптік ЦӘК оқытушысы Ә. А. Ыбраймжан «Дәрілік түрлер технологиясы» пәнінен «Жақпа майлар. Гомогенді жақпа майлар дайындау технологиясы. Гетерогенді жақпа майлар дайындау технологиясы” тақырыбында «Фармация» бөлімінің 233Ф тобымен сынамалы сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: студенттерді жақпа майлардың негізгі түрлерімен, олардың негіздерімен, гомогенді және гетерогенді жақпа майлар дайындау технологиясымен таныстыру. Жақпа майлар дайындау үшін компоненттерді, олардың физика-химиялық қасиеттері мен емдік әсеріне қарай дұрыс таңдауға, дәрілік формаларға рецепт жазу дағдыларына үйрету. Бұл сабақ студенттердің дәрілік түрлерді дайындау технологиясы туралы заманауи идеялар саласындағы білімдерін кеңейтуге ықпал етті.