«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!»

Бөлісу

 

2024 жылдың 20-ші желтоқсан күні, тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен, «Өзің жанып, басқаларға жарық шаш» атты психологиялық апталықтың аясында «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу қонақтары 123,124ЛФ-9/24 студенттерінің ата-аналары Жамбыл облысының полиция подполковнигі, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы – Кенжеханова Диляфруз Абазовна, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің аға инспекторы, кадр психологы – Дмитриенко Анна Александровна және ата аналар комитетінің мүшесі – Искандаров Рустам Жамбулович. Кездесу барысында қазіргі қоғамның басты дерттері құмар ойындар мен жеке тұлғаның өміріне қауіп төндіретін жағымсыз әдеттерге әуес болу, буллинг-кибербуллинг және құқық бұзушылықтың салдары, көзделген жауапкершілік туралы түсіндіріліп, жан-жақты ақпарат берілді. Жауапты: әлеуметтік педагог А.А.Буксукбаева