«Жаңа Қазақстан-жаңа белестер»

Без рубрики
Бөлісу

23.10.2022 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Жас Алаш» дебат клубының ұйымдастыруымен 25 қазан-Республика күніне орай «Жаңа Қазақстан-жаңа белестер» тақырыбында облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Ойынға жоғары оқу орындары мен арнаулы орта оқу орындарының студенттері қатысып ой бөлісті, тәжірибе алмасты. Ойын қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Ұзақбай Садыр, Талғат Қарақат (Жамбыл жоғары политехникалық колледжі) иеленсе ІІ орынды Сайлау Даниял, Бақыт Сарбиназ (Жамбыл жоғары медициналық колледжі), ІІІ орынды Малик Дильназ, Ділдабай Еркеназ (Абай атындағы Жамбыл жоғары гуманитарлық колледжі) жеңіп алды. Сондай-ақ, қатысушыларға «Ең үздік спикер», «Үздік спикер», «Үздік төреші», «Үздік оратор», «Үздік ойыншы» номинациялары берілді. Барлық марапат иелеріне дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.