19.09.2023ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023-2024 оқу жылында келген жас мамандарға арналған «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» тақырыбында әдістемелік көмек көрсету, бағыт-бағдар беру мақсатында «Жас мамандар» мектебінің отырысы өтті.
1. Жас мамандарды және педагог-тәлімгерлерді таныстыру. Педагог тұлғасына қойылатын талаптар.
Жауапты: оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Л.К.Мейрманова.
2. Теориялық және тәжірибелік сабақтың жоспарын құрастыру бойынша практикум. Жауаптылар: ЦӘК жетекшілері А.К.Серкебаева, Б.Б.Блейменова.
3. Нормативтік құжаттармен таныстыру. (Журнал толтыруды түсіндіру).
Жауапты: офис-регистратор бөлімінің басшысы С.Г.Бибосынова.
4. Жас мамандарға On-line режимінде оқыту барысы бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Жауапты: офис-регистратор бөлімінің әдіскері М.Ж.Жакипова.