«Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман»

Без рубрики
Бөлісу

23.09.2022 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 2022-2023 оқу жылында келген жас мамандарға арналған «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» тақырыбында әдістемелік мектеп отырысы өтті.
Жас мамандар мектебінің отырысы жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, бағыт–бағдар беру мақсатында өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. «Жас мамандарды кәсіптік бейімдеу».
Жауапты: оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Мейрманова Л.К.
2. Жас мамандарды және педагог-тәлімгерлерді таныстыру. Педагог тұлғасына койылатын талаптар. Жауапты: әдіскер Коконбаева А.К.
3. Теориялық сабақтың жоспарын құрастыру бойынша практикум.
Жауапты: тарих пәнінің оқытушысы Иманалиева Г.Ж.
4. Силлабус және жұмыс жоспарын құрастыру бойынша практикум.
Жауапты: әдіскер Коконбаева А.К.
5. Электронды журналды толтыру.
Жауапты: офис регистратор маманы Уркимбаева Д.Б.
6. Психологиялық тренинг. Жауапты: колледж психологы Өскенбаева А.Н.