«Жас көшбасшылар платформасы»

Бөлісу

ЖАС КӨШБАСШЫЛАР ПЛАТФОРМАСЫ 2025

Желтоқсанның 10–12 аралығында еліміздің 17 облысы мен 3 қаласынан жиналған 200 белсенді жастың қатысуымен «Жас көшбасшылар платформасы» өтті.

Платформа аясында қатысушылар фасилитация, көшбасшылық, саяси талдау, коммуникация және медиа бағыттары бойынша білім алып, тәжірибе алмасты. Арнайы тренингтер арқылы көшбасшылық қабілеттерін дамытып, командалық жұмыс, креативті ойлау және ортаға бейімделу дағдыларын жетілдірді.

Бағдарлама шеңберінде жас көшбасшылар ҚР Парламенті Мәжілісінде болып, депутаттар Жарқынбек Амантайұлы мен Максим Рожинмен ашық форматта кездесті. Сонымен қатар, қатысушылар Орталық мешітке және музейге экскурсияға барып, елдің рухани, тарихи-мәдени құндылықтарымен танысты.

Екі күндік оқу қорытындысында «AMANAT» партиясының хатшысы Александр Данилов қатысушыларды құттықтап, оқуды сәтті аяқтағаны үшін арнайы сертификаттар табыстады.

Осы бағдарламаның жалғасы ретінде өткен «Рухтастар» жастар сыйлығы – 2025 марапаттау кешінде:
«Үздік бөлімше» номинациясын «Жастар Рухы» ЖҚ Тараз қалалық бөлімшесі иеленді. Бөлімше жетекшісі – Тоқтамыс Шынар Ерлікқызы.
«Белсенді рухтас» номинациясы Тұрсынқан Қарақат Русланқызына табысталды.

Бұл жетістіктер – белсенділік, бірлік пен жүйелі еңбектің нәтижесі. Алда жас көшбасшыларды бұдан да биік белестер күтіп тұр!
#ЖастарРухы #AMANAT #ЖасКөшбасшылар #Рухтастар2025