«Жас маман, болашаққа бас қадам!» тақырыбында жас мамандар мектебінің отырысы өтті

Бөлісу

02.10.2024ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде оқу- әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Жас маман, болашаққа бас қадам!» тақырыбында жас мамандар мектебінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде:
1. Жас мамандарды және педагог-тәлімгерлерді таныстыру. Педагог тұлғасына койылатын талаптар.
Жауапты: әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Мейрманова Л.К.
2.Теориялық және тәжірибелік сабақ жоспарын құрастыру бойынша практикум.
Жауаптылар: «Жұқпалы аурулар» пәнінің оқытушысы Блейменова Б.Б. «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы: Мухажанова Р.Д.
3. Қысқа мерзімді жоспарды құрастыру бойынша практикум.
Жауапты: «Биология» пәнінің оқытушысы Көбегенова А.Т.
4. Нормативтік құжаттармен таныстыру (Журнал толтыруды түсіндіру)
Жауапты: офис- регистратор басшысы Бибосынова С.Г.
5. Жас мамандарға Оn-line режимінде оқыту барысы бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Жауапты: офис- регистратор әдіскері Жакипова М.Ж.
6. Психологиялық тренинг
Жауапты: колледж психологы Өскенбаева А.Н.