«Жас мамандарды кәсіптік бейімдеу»  тақырыбында әдістемелік мектеп отырысы

Без рубрики
Бөлісу

20.09.2021 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 2021-2022 оқу жылында келген жас мамандарға арналған «Жас мамандарды кәсіптік бейімдеу» тақырыбында әдістемелік мектеп отырысы өтті. Жас мамандар мектебінің отырысы жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, бағыт–бағдар беру мақсатында өткізілді. Күн тәртібінде:

1. Жас мамандарға нақты көмек ұйымдастыруда диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу. Жауапты: Мейрманова Л.Қ.

2. Жас оқытушылармен, жаңадан келген оқытушылармен танысу және педагог-тәлімгерлерді таныстыру. Жас оқытушының жұмыс орнына кәсіптік бейімделуі. Оқытушыға қойылатын талаптар. Жауапты: Коконбаева А.Қ.

3. Колледждің нормативтік актілері мен нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстыру. Педагогика қызметкерлерінің біліктілігіне қойылатын талаптар.Топ журналдарын рәсімдеу бойынша кеңес . Жауапты: Шужеева Ж.Л.

4. Тестілеу мониторингінің жұмысымен танысу. Жауапты: Мұраталиева Н.М.

5. Білім беру мазмұны:

а) Күнтізбелік жоспарларды және жұмыс бағдарламасын құрастыру ережесі.

ә) Сабақ жоспарларын жазу үлгісі. Сабақтың үш бірдей дидактикалық мақсаттылығы. Жауапты: Әдіскерлер. 6. «Жас мамандармен танысу» психологиялық тренинг. Жауапты: Божбанова А.М.