«Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» атты семинар тренинг 

Без рубрики
Бөлісу

2019 жылдың 6-шы қыркүйек күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінің тәрбие бөлімі және Жастар ресурстық орталығының  ұйымдастыруымен «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» атты семинар тренинг  өткізілді.

Кіріспе сөзді, колледжіміздің тәрбие жұмысының меңгерушісі: Л.К. Мейрманова сөз алып, арнайы шақыртылған қонақтармен таныстырып өтті. Атап кететін болсақ, «Елу жылда – ел жаңа» қоғамдық бірлестігінің мүшесі: Ш.Б.Сүйімқұл және Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, бірнеше дүркін халықаралық біріншіліктердің жеңімпазы, 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері А.Д.Таңатаров.

А.Д.Таңатаров өз өмірі жайлы сыр шертіп, спортқа келу себебі мен өмірде кездесетін түрлі жағдайларда тізе бүкпей, жеңіп шығу керек екенін студенттерге түсіндіріп өтті. Жеңіс оңай жолмен келмейтінін, жеңіске тек сабырмен, ақылмен келетінін де айтты. Студенттер тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, сұрақтарға жауаптар берілді