«Жастар арасында СӨС қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алуға» бағытталған семинар-тренингі

Без рубрики
Бөлісу

6.09.2019 ж. колледж психологтары А. Өскенбаева, А. Қазыбековалардың ұйымдастыруымен  өткізілген, «Жастар арасында СӨС қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алуға» бағытталған  семинар – тренингке спортшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, Еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы Ақжүрек Достықұлы Таңатаров және колледж инспекторы,  Тараз қаласы ПБ ЖПҚ-ның ЮПБ УПИ полиция капитаны Жақсығұлов А. Н. қатысып, студенттерді құқық бұзушылыққа бой алдырмауға шақырды. Тренинг достық атмосферада өтті, қызықты, ақпараты мол, барлығы түсінікті болды.