05.12.2025ж «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-әрекет» акциясы аясында «Жастар арасындағы мәдениет пен өзара сыйластық» тақырыбында Тараз қаласы ПБ Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшенің инспекторлары Ерген Балнұр Мұратқызы, Уразалиева Меруерт Бейсенбекқызы дәріс өткізді. Мақсаты: Жастарға өзара құрметтің маңыздылығын түсіндіру, жанжалдың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, зорлық-зомбылықсыз ортаны нығайту және құқықтық сауаттылықты арттыру. Жастар – қоғамның болашағы. Өзара сыйластық пен мәдениетті қарым-қатынас-қауіпсіз және үйлесімді қоғамның негізі.
Жауапты: тәрбие бөлімі
#АдалАзамат

