«Жастар біздің жарқын болашағымыз. Ел болашағы білімді жастар қолында!»

Бөлісу

«Жастар біздің жарқын болашағымыз. Ел болашағы білімді жастар қолында!»
1.07.2024 ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Жас түлектерге» диплом тапсыру рәсімі өтті. 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша өзінің үлгілі тәртібі мен оқуда озат болғаны үшін қызыл диплом иегерлеріне «Оқу озаты» медалі, оқумен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, колледждің мәртебесінің өсуіне үлес қосқан және республикалық, облыстық жарыстарда өзінің белсенділігімен ерекшеленген жас түлектерге «Үздік түлек», «Үздік көшбасшы» және «Колледж мақтанышы» номинациялары, топ старосталарына алғыс хаттар және 78 түлекке «үздік» диплом, 569 түлекке «үздіксіз» диплом тапсырылды. Сондай-ақ, әрбір білім беру мекемелерінің үлкен жетістікке жетуіне себепші болатын жанашыр, қамқор ата-аналарға алғыс хаттар берілді.
Құрметті жас түлек!
Сізге жарқын болашақ және ақ жол тілейміз! Жамбыл жоғары медициналық колледжі қабырғасында алған біліміңізбен егемен еліміздің өркендеп дамуына елеулі үлес қосып, биіктен көрінуіңізге тілектеспіз!

https://www.instagram.com/reel/C86vYxdPBfF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==