«Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған іс-шара аясында сайлау құқығына ие жастармен кездесу өтті

Бөлісу

6.02.2025 ж. күні Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған іс-шара аясында сайлау құқығына ие жастармен кездесу өтті.

Бұл маңызды жиынның бір бөлігі ретінде «Жамбыл жоғары медициналық колледжінің» 5 белсенді студенті зияткерлік ойында өз білімдерін сынап, үздік нәтиже көрсетіп, алғыс хатқа ие болды!

Сайлау – әр азаматтың қоғамдағы өзгерістерге ықпал ету мүмкіндігі. Бұл ойын жастардың саяси сауаттылығын арттырып, олардың таңдау жасау құқығы мен жауапкершілігін тереңірек түсінуге жол ашты.

Біздің студенттеріміз белсенді азамат ретінде еліміздің болашағы үшін маңызды шешімдер қабылдауға дайын екенін көрсетті. Демек, білімді, саналы жастар – әділетті қоғамның кепілі!