«Жастық жігер – жарқын болашақ» атты облыстық колледжаралық қазақ тілінен пәндік олимпиада

Без рубрики
Бөлісу

22.05.2019 ж. № 2 жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен  «Жастық жігер – жарқын болашақ» атты өзге ұлт өкілдері арасында облыстық колледжаралық қазақ тілінен пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсатты: 2019 жыл – Жастар жылын қолдау, насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани  қазыналарын кеңінен насихаттау, қазақстанның әрбір өзге ұлт өкілдерінің бойында жалпы ұлттық патриотизмді қалыптастыру, студенттердің  шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту. Олимпиадаға төрелік еткен әділ-қазылар: Ж.К. Матжанова – Облыстық тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы. М.Зиябекқызы  – Ш.Уәлиханов атындағы облыстық кітапханасының  директорының орынбасары. А.Н.Махамбетова – Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы. Олимпиада нәтижесі бойынша І дәрежелі Дипломмен Арипжанова Диера – Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі, ІІ дәрежелі Дипломмен Бабаевская Анастасия– Жаңатас көпсалалы колледжі,ІІ дәрежелі Дипломмен  Телипко Руслан – Жамбыл политехникалық жоғары колледжі  иеленді. Мустафаева Айшан – Қаратау құрылыс-техникалық колледжі, Досмухамедова Карина – №16 Жуалы колледжі, Вердиева Ругая – Жамбыл медициналық колледжі, Шаушова Сурия – Жамбыл индустриалды – технологиялық колледжі Алғыс хатпен марапатталды. Барлық қатысушыларға сыйлықтар берілді.