«Жасуша органоидтарының құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері»

Бөлісу

11.11.2024 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде Бекмурзаева Динара Турсунбаевна «Емдеу ісі» 114 ЕФ-9/24 топ студенттерімен «Биология» пәнінен , «Жасуша органоидтарының құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Микроскоп арқылы көрінетін жасуша органоидтарының құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктерін түсіндіру арқылы студенттерге толық ақпарат берді. Студенттердің топтық, жеке және жұптық жұмыстары арқылы таныдық, білімдік деңгейін көтеру, ой белсенділігін дамыту, ұжымдаса отырып мәселелерді бірлесе шешуге, ойын түйіндеуге, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөздік қорын, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту, медицинамен байланыстыра отырып, пәнге және өз мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру. Сабақ өту барысында, түрлі әдіс-тәсілдер (Mozaik3D, Wordwall, learningapps, quizizz, classroomscreen) , техникалық құралдар,тәжірибелік құрал-жабдықтар қолданды. Сабақ жақсы деңгейде өтті.