16.05.2024. Жамбыл жоғары
медициналық колледжінде 3 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндерінің окытушысы Оналбаев Әділет Адильханұлы «Дене шынықтыру» пәнінен «Емдеу ісі» 216 ЕФ-9/22 топ студенттерімен, «Жеңіл атлетика . Екпін алып ұзындыққа секіру әдісін жетілдіру » тақырыбы бойынша сынамалы сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
Денені сауықтыру мақсатында, студенттердің, қимыл-әрекет қасиеттерінің үйлесімділігінің, толық жетілуін қамтамасыз ете отырып, Екпін алып ұзындыққа секіру әдісінің техникаларын үйрету. Студенттердің денсаулығын нығайту, сабаққа белсенділігін арттыру, төзімділік, шыдамдылық, көрсеткіштерін жетілдіру, спортқа деген қызығушылығын арттыру және спорттық мінез-құлықтарын дамыту. Студенттердің бойында жоғары адамгершілік қасиеттерін арттыру және ұйымшылдыққа, кішіпейілділікке тербиелеу. Сабақ мақсатына жетті.