«Жеңіл атлетика. Эстафеталық таяқшаларды беру және жүгіру әдісін үйретіп дамыту(4*100м)»

Бөлісу

07.11.2023ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде №3 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндерінің оқытушысы Ахметов Семейбай Аманжолович «Дене шынықтыру» пәнінен «Мейіргерісі» 202 М-9/22 топ студенттерімен, «Жеңіл атлетика. Эстафеталық таяқшаларды беру және жүгіру әдісін үйретіп дамыту(4*100м).» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Денені сауықтыру мақсатында, студенттердің қимыл-әрекет қасиеттерінің үйлесімділігінің толық жетілуін қамтамасыз ете отырып, эстафеталық таяқшаны беру кезінде ептілікке, жылдамдылыққа үйрету;
Дамытушылық:Студенттердің денсаулығын нығайту, сабаққа белсенділігін арттыру, төзімділік, шыдамдылық көрсеткіштерін жетілдіру, спортқа деген қызығушылығын арттыружәне спорттық мінез-құлықтарын дамыту;
Тәрбиелік:Студенттердің бойында жоғары адамгершілік қасиеттерін, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру және ұйымшылдыққа, кішіпейілділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу;
Әдістемелік:Оқу бағдарламасының талаптарына сай жаттығулардың әдіс-тәсілдерін, дене қимылдарын үйлесімді пайдалануға баулу арқылы сабақтың мақсатына жету.
Сабақ мақсатына жетті.