«Жеңіл атлетика. Орта қашықтыққа жүгіру әдісін үйретіп дамыту(800,1000м.)»

Без рубрики
Бөлісу

10.04.2023 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде № 3 жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының оқытушысы М.Қ.Айнакулов «Мейіргер ісі» бөлімі, 108М-9/22 топ студенттерімен «Дене шынықтыру» пәнінен «Жеңіл атлетика. Орта қашықтыққа жүгіру әдісін үйретіп дамыту(800,1000м.)» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Денені сауықтыру мақсатында, студенттердің қимыл-әрекет қасиеттерінің үйлесімділігін толық жетілуін қамтамасыз ете отырып, түрлі жаттығуларды орындау кезінде, жылдамдыққа, шыдамдылыққа үйрету. Студенттердің денсаулығын нығайту, сабаққа, спортқа деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру, жылдамдық, шыдамдылық, күш көрсеткіштерін жетілдіру және спорттық мінез-құлықтарын дамыту.