11.12.2025 ж. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша «9 желтоқсан – Дүниежүзілік жемқорлықпен күрес» күніне орай «Жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің маманымен кездесу өткізілді. Кездесу қонақтары: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Ажибаев А.И., Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Облыстық психологиялық қолдау орталығының әдістемелік бөлім басшысы Байдаулетова Т.Т. және «Жастар ресурстық орталығы» КММ маманы Амангелді Н.Н.
Кездесу мақсаты: жастардың сыбайлас жемқорлық туралы түсінігін кеңейту, оның қоғамға тигізетін кері әсерін ұғындыру; қауіпсіз интернет қолдану дағдыларын дамыту, әлеуметтік желілерде дұрыс әрекет етуге үйрету, жалған ақпаратты ажырата білуге бағыттау.
Кездесу барысында мамандар студенттерге коррупциялық жағдайларды танып білуге бағыттады, олардың құқықтары мен моральдық салдарын түсіндірді, интернеттегі негізгі қауіптер (кибербуллинг, онлайн алаяқтық, фишинг, жеке деректердің таралуы және т.б.) туралы хабардар етті. Студенттермен жағдаяттық ойындар ойнатылып, оларға бейнероликтер көрсетілді, жадынамалар таратылды.
Іс-шараны өткізген: №1 Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндері ЦӘК төрайымы Тұрсынбаева Р.К., оқытушылары Сарыбаева Г.Қ., Құдайбергенова А.К.
#АдалАзамат

