ЖИТС-тың алдын алу айлығы

Без рубрики
Бөлісу

01-30.12.2019 ж. №1 «Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндері» ЦӘК мұғалімдерімен бірнеше шаралар өткізілді. Дәріс оқуға 1-ші курс білімгерлеріне арнайы Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығынан мамандар шақырылды: Р.Х. Жакенова, И.М. Досымова. Студенттерге қызық дәріс айтылды, видеоматериалдар көрсетілді, бүктемемен парақтар таратылды және мамандар қойылған сұрақтарға жауаптар берді. Дәрістің мақсаты 1-ші курс студенттер арасында ЖИТС туралы білімдерін толықтыру, кеңейту.