17.12.2024ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Мейірім» үйірмесі «Жоғарғы жүйке қызметі адам ағзасындағы күрделі психикалық іс-әрекеттер» тақырыбында оның ішінде «Инсульт. Инсульттен кейінгі оңалту және оның алдын-алу» тақырыбында ашық үйірме отырысы өткізілді. Үйірме отырысының мақсаты: • Студентенттерге «Инсульт» ауруының эпиопатогенезін, жіктелуін, негізгі клиникалық белгілері, диагностикасын, емдеу принциптерін, алдын алу және оңалту шараларын таныстыру.
• Жамбыл облысы және Тараз қаласы бойынша инсультпен ауырған пациентермен, жасөспірімдер арасындағы статистикалық көрсеткішітері бойынша жалпы мәліметтер беру.
• Инсультпен ауырған пациенттерге мейіргерлік күтім жүргізу.
• Ғылыми зерттеу жұмыстарын дамыту және ізденушілікке баулу және клиникалық ойлау қабілеттерін дамыту.
• Теориялық білімдерін және тәжірибелік дағдыларын ұштастыруды дамыту.
• Салауатты өмір салты мен адам денсаулығы арасындағы байланыс жайында ғылыми көзқарасын қалыптастыру. «Мейірім» үйірмесінің жетекшісі: Бейсенбек Ш.Ж.
Қатысқан топтар: 141 ҚБМ-11/24, 214 ЕФ-9/23, 417ЕФ-9/22.