2025 жылдың 10 қаңтар күні, #2 Арнайы пәндер ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша «Жол-көлік жарақатының алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді.
Тәрбиелік мақсаты: Жол жүру мәдениетіне, жауапкершілікке, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Білімділік мақсаты: Студенттердің жол-көлік жарақатының негізгі себептері мен салдары туралы ақпараттандырылуын арттыру.
Дамыту мақсаты: Жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы саналы түсінік қалыптастыру.
Студенттерді толыққанды ақпараттандыру мақсатында арнайы қонақтар шақыртылды: Жедел жәрдем станциясының ақпараттық-оперативтік диспетчерлік бөлімінің меңгерушісі – Абитаев Бекзат Асылбекович, ППБ қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты – Абдиев Махсат Адилханович, ППБ қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты – Нуркожаев Ермек Сейтханович, Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі – Усенов Рахат Бакенович.
Шақыртылған қонақтар мен рөлдік ойындарға белсенді атсалысқан студенттерге арнайы сыйлықтар табысталды.