ЖОЛДАМА

Без рубрики
Бөлісу

28.12.2022 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Оспанова Жанар Мықтыбекқызы Жамбыл жоғары медициналық колледжі студенттерімен кездесті. Басқарма басшысы Жанар Мықтыбекқызы кездесу барысында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттеріне ақыл – кеңестері мен ізгі ниетін білдіріп, колледж студенттерінің көкейде жүрген сұрақтарына жауап беріп, бітіруші түлектерге сәттілік тіледі. Кездесу барысында қоғамдық іс шараларға белсене қатысқан және үздік оқитын 10 студентке басқарма басшысының «Алғыс хаты» табысталса, 5 жетім және көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге қаржылай қайырымдылық көмек көрсетілді. «Мейіргер ісі қолданбалы бакалавры» мамандығын бітіруші екі студент Тагайқызы Шаганэ мен Мынбаева Ақмаралға Жамбыл облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының қалалық №5 емханасына жұмыспен қамту мақсатында ЖОЛДАМАны Жанар Мықтыбекқызы салтанатты түрде табыстады.
Жамбыл жоғары медициналық колледжінің Студенттік парламенті белсенді студенті Амантаева Фариза Нұржанқызына сөз беріліп, 1 курстан бері жеткен жетістіктерімен бөлісті. Жеткен жетістіктеріне тәнті болған басқарма басшысы Жанар Оспанова Мықтыбекқызы М.Оспанов атындағы «Батыс Қазақстан медициналық университетіне» атаулы грант бөлінетінін хабарлады.