01.03.2024 ж. күні медицина саласында теория мен тәжірибені ұштастыра жүріп білім алған, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан көптеген реформаларға сай үлкен сұранысқа ие болып отырған «Кеңейтілген тәжірибе мейіргерлері» Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Мейіргер ісі» мамандығы, «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша диплом алып шықты. Мерекелік жиында оқудағы үздік білімі, үлгілі тәртібі мен қоғамдық іс-шараларға ат салысқан белсенділерге «Оқу озаты» номинациясы бойынша медаль мен алғыс хат беріліп, диплом табысталды.