«Жылдың үздік оқырманы-2023»

Без рубрики
Бөлісу

07.11.2023 ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжі «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында 1 курс студенттерімен «Жылдың үздік оқырманы-2023» колледжшілік байқауын өткізді.
Байқауға қатысқан 9 студент 3 кезеңде берілген тапсырмаларды орындап, жарысқа түсті.
I кезең: «Менің сүйікті жазушым» – (қазақ әдебиетінің классик жазушыларының шығармаларынан монолог оқу).
II кезең: «Поэзия – жанның сазы» (туған өлке ақындарының өлеңдерінің бірін мәнерлеп оқу).
III кезең: Бук слэм – (Book slam) – кітап жарнамасы (үйге берілген тапсырма бойынша өзінің оқыған сүйікті кітаптарының жарнамасын видеоролик түрінде жарнамалайды)
3 кезең бойынша сөйлеу мәдениеттілігі, тақырыпты ашу шеберлігі және жарнамалық идеяның айқындылығына баса назар аударылып, баға берілді.
Байқаудың қортындысы бойынша:
I орын: Есенмұрат Бақдаулет 108 топ;
II орын: Алтынбек Ақбота 104 топ;
III орын: Өмірзақова Сабина 119 топ, Чимболатова Дариға 107 топ.
Байқау жеңімпаздарына ДИПЛОМ , АЛҒЫС ХАТТАР және студенттік кәсіподақ ұйымының атынан бағалы сыйлықтар берілді.
Ұйымдастырушылар: «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні оқытушысы Ж.М.Абитаева, кітапханашылар А.Т.Байкенжеева, Н.Т.Сейдалиева.
Демеуші: Студенттік кәсіподақ ұйымының төрайымы: Н.М. Мұраталиева.