#Адал Азамат # желтоқсан# Қалалық акция «Жылы жүрек-жомарт қол!»
05.12.2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 90 жылдық мерейтойы аясында Халықаралық волонтерлер күніне орай тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» волонтерлар тобы «Жылы жүрек-жомарт қол!» атты қалалық акциясын өткізді.
Іс-шара салтанатты түрде колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышбекова Ляззат Тураровнаның құттықтауымен және колледждің тәрбие бөлімі ұйымдастырған белсенді студенттердің домбыра оркестрінің күйімен ашылды.
Студенттер ««MART» сауда орталығына келген қонақтарды көңілді флешмоб биімен қарсы алып, денсаулыққа арналған және психологиялық кеңестер жазылған жаднамаларды таратып, колледждің клиникалық дәрігер-оқытушыларынан кеңестер алуға жолдады. Акция мақсаты: қала тұрғындарына санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, тұмау ауруының жедел респираторлық белгілері байқалған жағдайда дер кезінде медициналық комекке жүгіну, жеке қорғаныс шараларын қолдану және денсаулықты тұрақты бақылаудың маңыздылығы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, колледж қабырғасында медицина саласының мамандары – акушер-гинеколог, жалпы тәжірибелік дәрігер-терапевт, интегративті-дәрігер, «Мейіргер ісі» пәнінің оқытушылары қатысып, тұрғындарға кәсіби кеңестерін берді. Мамандар халықпен тікелей пікір алмасып, олардың сұрақтарына жауап беріп, қажетті ұсыныстармен бөлісті. Қала тұрғындары мамандардың ықыласты көмегі мен пайдалы ақпараттары үшін ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Жауапты: тәрбие бөлімі, әлеуметтік педагог А.Буксукбаева, «Жүректен жүрекке» еріктілер тобының жетекшісі Н.Айманбетова.




