18.05.2023 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Жыныстық тәрбие. Жынысты жолмен жұғатын аурулар мен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренинг мақсаттары:
1. Жыныстық тәрбиенің маңызын түсіндіру;
2. Жасөспірімдердің өзінің әрбір іс-әрекетіне әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру;
3. Студенттердің өз және өзгенің денсаулығына деген дұрыс қатынасын қалыптастыру;
4. Жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу жолдарын үйрету;
5. «Есею» ұғымының мағынасын дұрыс түсіндіру;
6. АИТВ/ЖИТС-ның профилактикасымен таныстыру.
Лектор-тренер: Бердіш Н.Б; Шаймерден Қ.С.