«Өзіңді сақта және алғашқы көмек көрсету қағидалары»

Бөлісу

 

✅ 2025 жылдың 17 қыркүйегінде Жамбыл жоғары медициналық колледжінде студенттермен «Өзіңді сақта және алғашқы көмек көрсету қағидалары» тақырыбында кездесу өтті.

Бұл шараға:
‍⚕️ Инструктор-реаниматолог Халыков Амангелді Сүлейменович – өмірге қауіп төнген сәтте дұрыс алғашқы көмек көрсетудің маңызы мен жүрек-өкпе реанимациясының негізгі әдістерін түсіндірді.
‍⚕️ Гинеколог Рүстембекова Әсем Болатбековна – қыз балалардың жеке гигиенасы мен денсаулықты сақтаудағы жауапкершілік жайында кеңес берді.
‍⚕️ Психолог Жарқынбекова Әкерке Талғатқызы – жастардың психологиялық тұрақтылығы, қиын жағдайда өз-өзіне сенімді болудың жолдары туралы ой қозғады.

✨ Студенттер мамандардың тәжірибелік кеңестерін тыңдап, сұрақтарына жауап алды.