«Өзің оқы, өзгеге ұсын…..»

Без рубрики
Бөлісу

«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге», – деп Абай Құнанбаев айтқандай, кітап – өмір ұстазы. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында 2023 жылдың 15- 16 қараша күндері Жамбыл жоғары медициналық колледжі кітапханашылары «Өзің оқы, өзгеге ұсын…..» буккроссинг акциясын ұйымдастырды.
Онда Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі», Б. Момышұлының «Ұшқан ұя», Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан» шығармаларына талдау жасап, оқырмандар өздері оқыған кітаптарынан үзінді айтты және оқырмандар бір – бірімен кітаптар алмасты.. Бұл іс-шараның маңыздылығы кітап кеңістігіне саяхат жасау, оқыған кітаптарын өзгеге ұсыну.