ZOOM платформасы арқылы кәсіптік бағдар беру

Без рубрики
Бөлісу

19.05.2021 күні «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК кәсіптік бағдар беру маманы Артықова Л.А. 9-11 сынып оқушылары арасында ZOOM платформасы арқылы кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Жоспарлы түрде 19.05.2021 күні Тараз қаласының Болашақ мектеп интернатының 9-11 сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен ZOOM платформасы арқылы кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді.
Іс шараның мақсат міндеттері: оқушыларға болашақ мамандық және кәсіби бағдарын таңдауға көмектесу, медицина мамандық және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту. Оқушылардың алдағы уакытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.
Оқушыларға колледж тарихы, жетістіктері, мамандықтары, ерекшелігі, маңызы жайлы ақпарат берілді. Колледж жайлы кыскаша бейнеролик көрсетілді.
Оқушылар медицина мамандарының жұмысы қаншалықты қызықты әрі жауапты екенін сезініп, қызығушылықтарын танытты. Колледжіміздің мамандықтары туралы брошюраларын мектептердің электронды почталарына жіберіп, оқушыларға қолжетімді болуын қамтамасыз еттік.