«1 маусым – балаларды қорғау күні»

Без рубрики
Бөлісу

7.06.2019 ж. Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіптік одағы Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен «1 маусым – балаларды қорғау күніне» орай «Веселые старты» спартакиадасы өткізілді. Спартакиадаға алты команда қатысып, ұраны, эмблемасы, команда атымен таныстырды.  Аталған іс-шара 4 кезеңде өткізілді: «Веселый мяч», «Кенгуру», «Веселый мяч» және «Веселый пони». І орынды «Верные друзья» командасы, ІІ орынды «Иммунитет» командасы және ІІІ орынды Жалын командасы иеленді.  Жамбыл жоғары медициналық колледжі қызметкерлерінің ұл-қыздары алғыс хатпен марапатталды. Белсенді студенттер де қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жауапты: студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Р. Абдрахманова. Облыстық кәсіподақ ұйымы іс-шара соңында балаларға балмұздақ, шырын және пениборд сыйға тартты.