15.03.2024 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі А.Б. Айдралиева мен кураторлардың және «ZHMK volunteers» ұйымының ұйымдастыруымен «15 наурыз – Мейірім мен қайырымдылық күніне» орай қайырымдылық акциясы өтті. Қиын кезеңде басына іс түссе, бір-бірін демеп, қол ұшын созған халықпыз. Сондықтан да мейірімділік бізге қанға сіңген қасиет. Бөлім оқытушылары ізгілікке толы бұл күні бір ауыздан қайырымдылық жасауға, жаңашырлық танытуға шақыратын үндеу қағаздарын, ал еріктілер құрма, су және қасиетті құранның сүрелері мен ораза кестесі жазылған таратпа қағаздарын таратты.
Колледждің А корпусының 1 этаж фойедесіне қайырымдылық жәшігі қойылды. Колледж қызметкерлері мен студенттер қайырымдылық қорына үлес қосты.
Іс-шараның мақсаты: қоғамда өскелең ұрпақ арасында мейірім мен қамқорлық сезімін күшейту, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсету, достықты, бірлікті нығайту.
Ұйымдастырушылар: А.Б. Айдралиева басшылық ететін «Мейіргер ісі» бөлімінің кураторлары, «ZHMK volunteers» ұйымы, тәрбие бөлімі.