2018 жылдың 15 ақпанындағы «Фармация» мамандығы бойынша ОӘБ жоспарына сәйкес, Ақтөбе медициналық колледжінің базасында 2017 жылдың 31 қазанында кезекті жоспарлы отырыс өткізілді. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
- Арнайы пәндер бойынша пәндік үйірмелердің жұмысын ұйымдастыру.
- «Фармация» мамандығы бойынша кәсіптік пәндерден оқу әдебиеттерімен қамтамассыздандырылуы жағдайы.
- Қазақстан Республикасының медициналық колледждерінде «Фармация» мамандығы бойынша дуальды оқытуды енгізу тәжірибесінен мысал.
ОӘБ отырысы онлайн режимінде өткізілді, оған КМҚК «Жамбыл медицина колледжі» тарапынан директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Т.Андакулова және фармацевтикалық пәндер оқытушылары қатысты.