Жамбыл жоғары медициналық колледжінің оқытушылары мен студенттері 2020-2021 оқу жылынан бастап Moodle платформасында жұмыс атқарады. Бұл платформа оқытушыларға да, студенттерге де қолайлы. Платформада оқытушылар өтетін сабақтарының тақырыптарын хабарландыруға жазып қояды. Студенттер хабарландыруды оқи отырып, сол күнгі тақырыпты біле алады. Студенттер кері байланыс жасауға мүмкіндіктері бар. Берілген тапсырманы орындап, платформаға жүктейді. Оқытушы тексеру барысында тапсырманы қаншалықты дұрыс, бұрыс орындағандығы жөнінде түсініктеме береді. Студент оқытушының жазған түсініктемесін оқи алады. Әр пән бойынша видеосабақтар, лекциялар, тапсырмалар, презентациялар, тест тапсырмалары берілген. Сонымен қатар, жаңартылған білім беру әдістері де енгізілген. Заманның ағымына қарай цифрлық кітапхана да бар. Студенттер ешқайда бармай-ақ, тақырыпқа байланысты материалдарға қол жеткізе алады. Оқытушылар мен студенттердің жеке логины мен паролі болады. Бұл платформадан оқытушы мен студенттің сабаққа уақытылы кірген-кірмегенін көруге болады.