25 қазан-Республика күніне орай «Егемендік-елдің баға жетпес игілігі» тақырыбында пікірсайыс ойынын өткізді

Без рубрики
Бөлісу

20.10.2022 ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Жас Алаш» дебат клубының спикерлері 25 қазан-Республика күніне орай «Егемендік-елдің баға жетпес игілігі» тақырыбында пікірсайыс ойынын өткізді. Пікірсайыс барысында «Егемендік» пен «Тәуелсіздік» ұғымдарының мәнін ашып, мемлекетіміздің жеткен жетістіктері туралы ой бөлісті. Спикерлер колледж студенттерін мерекемен құттықтап, ел болашағы білімді жастардың қолында екеніне дәлелдер келтіре отырып, өз замандастарын патриоттық рухты нығайтуға, қолда бар байлықтың қадірін білуге, ел дамуына қомақты үлес қосуға шақырды.