18.04.2020ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі «Mirapolis Virtual Rom» платформасы арқылы On-line форматта №4 педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңеске 108 адам қатысты. Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды:
1.Қашықтықтан білім беру технологиясын пайдалана отырып оқу үрдісін ұйымдастыру. Баяндамашы: Қуанышбекова Л.Т. директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
2.«Информатика» пәнінің оқытылуы мен білім сапасы. Баяндамашы: Шужеева Ж.Л. оқу бөлімінің меңгерушісі.
3.«Фармакология» және «Латын тілі» пәндерінің оқытылуы мен білім сапасы. Баяндамашы: Мадибраимова А.М. бөлім меңгерушісі.
4. Студенттердің бос уақытын ұйымдастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының сапасы. Баяндамашы: Үсенов Р.Б. құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі.
Cоңында, On-line дауыс беру арқылы педагогикалық кеңестің қаулысы бірауыздан қабылданды.
–