Байқау кеңесі қызметі туралы ақпарат

«Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК

2025 жылы байқау кеңесінің қызметі  туралы  ақпарат

 

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы 17 шілдедегі №306-ө бұйрығына сәйкес «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ  КМК Байқау кеңесі   құрылып,  құрамы 5 (бес) адам болып бекітілді. 2026 жылы  байқау кеңесінің  құрамына  өзгерістер енгізілді.  Байқау кеңесінің төрағасы Мусабаев Ерик Тиллабекович  басқа жұмысқа ауысуына байланысты   Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының 2026 жылғы 24 ақпандағы №60-ө бұйрығына сәйкес  байқау кеңесінің құрамынан шығарылды.       Аталған бұйрық негізінде  байқау кеңесінің құрамына Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының   басшысы  Назарбек Сержан Сәрсенбекұлы  енгізілді.   Байқау кеңесінің  2026 жылғы  11 маусымдағы отырысында  байқау кеңесінің төрайымы болып   «Neuro Vita» медициналық орталығының директоры  Айтбаева Айгүл Қалдыбайқызы   сайланды.

2025 жылы    байқау кеңесінің   8  отырысы өткізілді, оның  ішінде 2 сырттай отырыс, 6  күндізгі отырыс.

Күн тәртібіндегі мәселелердің  құрылымына талдау жасайтын болсақ,   басшы лауазымына конкурс өткізу мәселелері – 5 рет қаралды, Байқау кеңесімен  бекітілетін   құжаттар – 2 (БК 2026 жылға арналған жұмыс жоспары, ішкі аудит қызметінің жұмыс жоспары),  Байқау кеңесімен келісілетін  мәселелер саны  – 2 (2025 жылға даму жоспарына екінші нақтылау,  2024 жылға қаржы есебі),   сыйақы беру мәселесі қаралды – 1, жоспарға сәйкес  қаржы аудиторының атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды – 1, байқау кеңесінің өткізілген отырыстары туралы  ақпарат берілді – 1  және т.б. мәселелер қаралды.

 

Байқау кеңесінің хатшысы                           Арғынбекова Т.Т.

«Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК

2024 жылы байқау кеңесінің қызметі  туралы  ақпарат

 

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының 2020 жылғы 08 шілдедегі №434-ө бұйрығына сәйкес «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ  КМК Байқау кеңесі   құрылып,  құрамы 7 (жеті) адам болып бекітілді.

2021 жылғы  05 наурыздағы  Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару  туралы №24692-ЭТП     шартқа сәйкес «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК    С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне Сенімгерлік басқаруға берілуіне байланысты    «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық  медицина университеті» КЕАҚ Басқарманың  2021 жылғы 27 шілдедегі  шешімімен  «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ  КМК Байқау кеңесінің  жаңа құрамы  5 (бес) адамнан бекітілді.

С.Ж.Асфендияров атындағы «Қазақ ұлттық  медицина университеті» КЕАҚ    2023 жылғы    13 наурызда   сенімгерлік басқару туралы шарттың бұзылуына байланысты Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының  2023 жылғы 17  шілдедегі №306-ө бұйрығымен Байқау кеңесінің  жаңа құрамы 5 (бес) адам болып бекітілді.

Кәсіпорынның Байқау кеңесі мүшелерінің өкілеттілік мерзімі  – 3 жыл.

«Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ  КМК Байқау кеңесінің   2023 жылғы 26 шілдедегі  шешімінің  негізінде   Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мусабаев Ерік Тілләбекұлы  Байқау кеңесінің төрағасы болып сайланды.

2024 жылы    байқау кеңесінің   6  отырысы өткізілді,  оның  ішінде 1 сырттай отырыс, 5   күндізгі отырыс.

Күн тәртібіндегі мәселелердің  құрылымына талдау жасайтын болсақ,   ұйымдастыру мәселелері  – 4,  Байқау кеңесімен  бекітілетін  ішкі нормативтік құжаттар – 4, Байқау кеңесімен келісілетін  мәселелер саны  – 7, колледждің    ұйымдастырушылық құрылымына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу  -1 және т.б. мәселелер қаралды.

Байқау кеңесінің отырысында қаралған мәселелер:

  1. «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК   байқау кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту туралы.
  2. «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК ішкі   қаржы аудиторын  тағайындау және  еңбекақы  көлемін  белгілеу туралы.

 

  1. 2023 жылы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі»

ШЖҚ КМК  байқау кеңесінің   өткізілген отырыстары туралы  ақпарат.

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі»  ШЖҚ  КМК  2023 жылға  қаржы есебін алдын ала бекіту туралы.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ  КМК  2024 жылға  Даму жоспарын бірінші нақтылауды талқылау және келісу  туралы.
  3. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ  КМК  ішкі аудит қызметінің  2024 жылға арналған  жұмыс жоспарын бекіту туралы.
  4. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі»  ШЖҚ  КМК-ның директорының м.а., директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі  орынбасары  және  бас есепшіге  еңбекақы  көлемін белгілеу  туралы  шешім қабылдау.
  5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы ЕРЕЖЕ және комплаенс-офицердің  лауазымдық  нұсқаулығымен таныстыру .
  6. «Жамбыл облысы әкімдігінің  денсаулық сақтау Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК   штат кестесіне өзгерістер мен толықтырулар  енгізу   туралы.
  7. «Жамбыл облысы әкімдігінің  денсаулық сақтау Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК    ұйымдастырушылық құрылымына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  8. «Жамбыл облысы  әкімдігінің  денсаулық сақтау Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК   комплаенс-офицерін  тағайындау    туралы.
  9. «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ  КМК Байқау кеңесінің  2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
  10. «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК   2024 жылға  даму жоспарына екінші нақтылауды қарау және бекіту туралы.
  11. «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК 2025 жылға Даму жоспарын жыл сайынғы нақтылауды қарастыру және  келісу туралы.
  12. «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК қаржы аудиторының қызметі туралы  2024 жылға арналған  есебі.
  13. «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК қаржы аудиторы  лауазымынан  босату туралы өтініштерді (Нурмагамбетова Б., Бостанова К.)  қарастыру және  қаржы аудиторын тағайындау мен  еңбекақысын бекіту  туралы.

 

 

Байқау кеңесінің хатшысы                               Арғынбекова Т.Т.