Әдістемелік мектеп отырысы

Без рубрики
Бөлісу

06.05.2020ж. Қ.Р. Білім және ғылым министрінің 01.04.2020 ж. №123 «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустықинфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту» туралы   бұйрығына сәйкес студенттерге қашықтықтан оқыту жүйесіне көшуде Жамбыл жоғары медициналық колледжі оқытушылары  білек сыбанып, тәуекелге бел буып, ынтымақпен белсене араласып кетуінің нәтижесінде сапалы білім берілуіне өз септігін тигізді. Колледж   ұжымы   қиындыққа мойынсынбай қызу жұмысқа кірісіп, сын сағатта  өз қызметтерін жоғары дәрежеде атқаруда. Әдістемелік кабинет осы оқу жылындағы жоспарланған жұмыстарды оn-line тәртібінде өз деңгейінде атқаруда.

Әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен  «Білім беру технологиялары мен әдіс-тәсілдерін қолдану жолдары» тақырыбында кезекті әдістемелік мектеп отырысы өтті.

Күн тәртібінде:

  1. Оқытудың кредиттік технологиясы: орта кәсіби білім беру жағдайында қолдану перспективалары.

Жауапты: Ұ.Е. Дүйсембаева

2.Анатомия пәнін өткізуде қолданатын тиімді әдіс-тәсілдер.Жаңа технология іс-тәжірибеде.

Жауапты:  А.А.  Бөпеева

  1. «Менің сүйікті ұстазым» тәлімгердің іс-тәжірибесінен: «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын  қазақ әдебиеті пәнінде қолданудың тиімділігі.»

Жауапты: Н.Ж. Абдраимова

  1. Қашықтықтан оқыту- білім берудегі жаңа технологиялардың бірі.

4.1.Дистанциялық  оқыту. (Қашықтықтан оқыту).

Жауапты:  Ж.Б. Иманбекова

4.2.Қашықтықтан оқыту барысында қолданылатын тиімді технологиялар мен әдістер.                                                                                                                                Жауапты: Л.К. Батаева

Семинарды колледж әдіскері Л.К.Батаева жүргізді.Жас мамандар семинарының жақсы өтуіне директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары  Л.Т.Қуанышбекова  сәттілік тіледі.Семинарда жоспарланған барлық сұрақтар қарастырылып, жас мамандар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды. Колледж психологі  А.Н.Өскенбаева  жас мамандарға «Он бөлмелі үй» атты тренинг жүргізіп, жақсы көніл -күй сыйлады. Семинар жоғары деңгейде өтті, өзекті  мәселелер қаралып, жас мамандарға көп ақпарат берілді.