Ата-аналармен онлайн жиналыс

Без рубрики
Бөлісу

15.05.2020 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі «Қашықтықтан оқыту мен жазғы демалыс уақытында студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысындағы ата-ана рөлі» тақырыбында ата-аналармен онлайн жиналыс өтті. Жиналысқа ПД ЖПҚБ ЮПБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция полковнигі Қалжанов Қуанышбек Жақсылықұлы шақырылып, ата-аналарға балаларының телефондарын, қандай сайтта отыратындарын қадағалап, назарларында ұстау туралы айтты. Колледж психологі Ә.Н.Оскенбаева бала тәрбиесі жайында ата-аналармен тренинг өткізсе, кәсіби бағдар беру мен жұмыспен қамту маманы Л.А.Артықова қабылдау комиссиясының жұмыс барысы туралы мәлімет берді. Колледж ата-аналары сөз алып, колледждің әкімшілігіне, оқытушыларына осынау қиын кезеңде шаршамай қашықтықтан білім мен қоса тәрбие жұмыстарын жүргізіп, жұмыс жасап отырғандары үшін алғыстарын айтты.