Brain Ring» интеллектуалды ойыны

Без рубрики
Бөлісу

«Brain Ring» интеллектуалды ойыны өтті

🖇 «Jas Otan» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Brain Ring» интеллектуалды ойыны болды.

🗣 Мақсаты жастар арасында білімге деген құштарлықты арттыру және кітап оқуға деген белсенділігін арттыру.

🔍 Шараға қаланың белсенді жастары мен жұмысшы жастар тартылып, 4 топқа жеребе арқылы іріктелді.

🔊 Ойын 4 кезеңнен тұрды. 1 кезең – «Бәйге» деп аталды. Бұл кезеңде логикалық сұрақтар қойылды. 2 кезең – «Полиглот», аталған бөлімде мақалдың жалғасын тауып, соны үш тілде айту керек. 3 кезең – «Faces», бұл кезеңде белгілі тұлғалардың бейнесі көрсетіледі және 4 кезең – «Ойлан тап». Соңғы бөлімде арнайы тапсырма беріледі, соның шешімін табу қажет.
♻️ Тартысты өткен бәсекенің шешімі бойынша Жамбыл жоғары медициналық колледжінің атынан қатысқан
«Мед.фак» жастары 🥈орын иеленді.
📍 Жеңіске жеткен командалар арнайы марапат қағазына және Жас Отанның бренд очкиіне ие болды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз.