«Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»

Без рубрики
Бөлісу

10.03.2021 ж. 2020-2021 оқу жылындағы «Мейіргер ісі» мамандығы, «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»біліктілігінің алғашқы түлектеріне арналған диплом тапсыру рәсімі өтті.
Жамбыл жоғары медициналық колледжінің директоры Сарыбекова Жәмиля Нұрғалиқызы түлектерді құттықтап салтанатты түрде дипломдарын тапсырды. Директор атап өткендей бұл күн Колледж тарихында қалатын ерекше күндердің бірі, себебі біздің Жамбыл жоғары медициналық колледжімізде бұндай мамандық бойынша әлі түлектер шығарылмаған, Ж. Нұрғалиқызы түлектерімізге ізгі тілектерің білдіріп сәттілік тіледі.