“ Кітап – білім бұлағы, білім өмір шырағы”

Без рубрики
Бөлісу

29.03.2021 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, 1- курс студенттерімен “ Кітап – білім бұлағы, білім өмір шырағы” тақырыбында кітап оқу маңыздылығы туралы студенттер арасында насихаттау жұмысы жүргізіліп, кітап оқудың 7 себебі атталып: 1. Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі.

2. Кітап оқу – жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады.

3. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді.

4. Кітап оқу – көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі.

5. Кітап оқу – адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

6. Кітап оқу – сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады.

7. Кітап оқу – адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді дамытады,
студенттерді кітап оқуға шақырды.