15.09.2021ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде Тәуелсіз елімізде өмір сүріп жатқан ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру мақсатында №2 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері ЦӘК оқытушылары азаматтық – патриоттық бағыты бойынша 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл халықтың – қазынасы» атты кездесу кешін өткізді. Кездесуде колледж директоры Ж.Н. Сарыбекова Қазақстан халқы тілдері күнімен құттықтап, 1,2 курс студенттері өз ана тілінде өлең оқып, ән айтып, өнерлерін көрсетіп, келген қонақтармен сұхбат өткізілді.
Кеш қонақтары:
1. Миражапарова Мухаббат Сайдуллаевна –Жамбыл облысының Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы.
2. Виктория Шорбану – «Қамқор жүрек» қоғамдық қорының құрылтайшысы.
3. Алеханова Мухаббат Бахытовна – Жамбыл ТВ телеарнасының тілшісі.