«Primary Health Care» Ұлттық қауымдастық орталығы. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Жамбыл облысы көлемінде «Үздік тәжірибелер орталығының» дамуына үлес қосқаны үшін, әлемге үлгілі болуға лайықты модельдердің бірі ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен танылуына жасаған еңбегі үшін колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова, «Мейіргер ісі бөлімінің» меңгерушісі Ұ.Е. Дүйсембаева Алғыс хатпен марапатталды.
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін колледж оқытушысы Ж.Б.Иманбекова Құрмет грамотасымен марапатталды.