«Шамшырақ» үйірмесінің «Ғасырдың өлім тұзақтары» атты тақырыпта 1 курс студенттерімен үйірменің ашық отырысы өтті

Без рубрики
Бөлісу
10.12.2021жылы қазақ тілі пәні «Шамшырақ» үйірмесінің «Ғасырдың өлім тұзақтары» атты тақырыпта 1 курс студенттерімен үйірменің ашық отырысы өтті.
Ашық отырыстың мақсаты: темекінің, арақтың,ішімдіктің зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілермен көз жеткізіп, жастарды жат әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу;
Зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салты мен адам денсаулығы арасындағы байланыс жайында ғылыми көзқарас қалыптастыру;
Студенттердің бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын, өмірге деген көзқарастарын дамыту. Жауапты: Абдалимова З.И.